Полицейлер ШҚО-дағы кәсіпкерге жасалған шабуыл мен Қарағандыдағы қару ұрлығын бір банда жасағанын анықтады

ӨСКЕМЕН. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Полицейлер ШҚО-дағы кәсіпкерге жасалған шабуыл мен Қарағандыдағы қару ұрлығын бір банда жасағанын анықтады.
None
None

«Тергеу барысында Привольное ауылының фермерінің отбасына жасалған қарақшылық шабуыл үшін ұсталғандардың Қарағанды облысындағы қару ұрлығына қатыстылығы анықталды. Олар ұрланған қаруларды фермердің отбасына шабуыл кезінде пайдаланған», - деп түсіндіреді жағдайды ШҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рашид Жақыпов.

Осыған дейін хабарланғандай, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18 қаңтарда кешкі уақытта Ұлан ауданының Привольное ауылында «Багратион» шаруа қожалығының басшысы Василий Воропай мен оның отбасына шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтаған еді.

Келесі күні екі жас жігіт Өскемен қаласында құрықталды. Тағы екеуі Өскеменнен Алматыға бара жатқан бағыттық автобуста ұсталды. Олардың жол дорбаларындағы ақшалар, алтын бұйымдар олардың қылмысқа қатысты екендігін айғақтап берді. ЩҚО ІІД атап өткендей, кешенді іздестіру шараларын жүргізудің арқасында полицейлер Привольное ауылындағы қарақшылық шабуылға қатысты үш адамды ұстады. Олардың барлығының да Қарағанды аймағындағы қару ұрлығына да қатыстылығы анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар