Полицейлер жалақысына қосылатын 25 пайыздық үстемені қашан алатыны белгілі болды
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың маусымында ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 пайызға көтеруді тапсырды. Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі «Мемлекет бюджет есебінен қамтамасыз етілетін барлық мемлеке тік органдар үшін қызметкерлерге жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Премьер-Министр Кеңсесіне қол қою үшін енгізілді», - деді ол.
Дегенмен, Алмас Садубаевтың атап өтуінше, лауазымдық жалақыны көтеру қосымша бюджет қаражатын қажет етеді.
«Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі Қаржы министрлігіне 2017 жылдың республикалық бюджетін нақтылау барысында Республикалық бюджеттік комиссияның қарауы үшін бюджеттік өтінім енгізді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қайта есептелінген лауазымдық жалқының көтерілген көлемін төлеу жоғарыдағы қаулы қабылданып, аталған мақсаттарға қосымша бюджеттік қаражаттың бөлінуін қарастыратын «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйесінше өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жүргізіледі. Біздің жорамалымызша, бұл таяу аралықта орын алады», - деді департамент басшысы.