17:54, 07 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық полиция қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды. Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында болды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған»- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, алғашқы көмек көрсетілген соң, ана мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізілді.
Фото: polisia.kz