Полиция 18 жастағы қостанайлық қыздың өліміне күдіктінің фотороботын жариялады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полицейлері 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне күдіктіні іздейді. Мүмкін қылмыскердің фотороботы жасалып таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысының ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 18 жастағы қостанайлық қыздың өліміне күдіктінің фотороботын жариялады

«Күдікті шамамен 20-30 жас аралығындағы азамат. Үстінде ақ футболка, торлы қысқа шалбар бар. Қылмыскер болуы мүмкін адамның  фотороботы жасалды. Қандай да бір ақпаратқа ие болған жағдайда 8 (7142) 52-60-21, 52-61-05, 52-61-12 факс: 52-61-04, немесе 102 нөмірлеріне хабарласқан жөн», делінген ІІД-нің хабарламасында.

Еске салайық, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кейінірек полиция Қостанай тұрғындарынан көмек сұрап, өтініш білдірген.