Полиция адамды қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қар күреп жатқан жігітті қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Зардап шеккен адамның өзі полицияға өтініш түсірген жоқ. Бірақ, соған қарамастан, іздеу шаралары басталып кетті»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Әнуарбекқызы.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана қаласындағы Майлин көшесінде кешкі сағат 18.45-те жол бойында қар тазалап жүрген жігітті көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.