Полиция әлеуметтік желілер мен WhatsApp-тағы Қазақстанның CОО-ларында лаңкестік болуы мүмкін деген қауесеттерге сенбеуге шақырды

«WhatsApp ұялы мессенджері мен кейбір әлеуметтік желілер пайдаланушыларының арасында ІІМ-іне сілтеме жасап ірі сауда орталықтарында лаңкестік актісі жасалуы мүмкін деген ақпараттар тарала бастады», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстан Республикасының ІІМ бұл ақпаратты қуаттамайды. Республикадағы жедел жағдай бақылауда. «Азаматтарды әлеуметтік желілерден алынған мәліметтерге сенбеуге және мемлекеттік құзырлы органдардың ресми ақпаратына сүйенуге шақырамыз», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бостандығынан айыруға жазаланады.