Полиция «Алтын Орда» базарын басып алу туралы ақпаратқа пікір білдірді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында белгісіз бір топ адамның базар аумағын қорғау бойынша өз құқықтарын заңсыз жүзеге асырғанын анықтады. Бұл дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша тіркелген.
«Анықталғандай күзет агенттігінің «Алтын Орда» базары аумағында күзет қызметін ұсыну бойынша келісімшарты болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында келісімшарттар мен өзге де құжаттар тексеріліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды»,- деп хабарлады ведостводан.
Бұған дейін «Алтын Орда» базары директоры орынбасарының ұсталғаны туралы жазған едік.
Сндай-ақ «Алтын Орда» базарының жұмысына қатысты Сауда және интерграция министрлігінің call-орталығы мен телеграм-чатына 200-ден астам арыз-шағым түскен болатын.