Полиция гимназиядан ұрланған ноутбуктарды тауып, оқушыларға қайтарып берді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатынан 28 желтоқсанға қараған түні жалпы құны 1,7 миллион теңгенің он бес ноутбугы ұрланған болатын,
None
None

деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында екі күдіктіні - осы гимназияның бұрынғы екі оқушысын ұстады. 19 жастағы ұрылардың айтуынша, 27 желтоқсан күні сағат 23.00-те олар көлікпен гимназия ғимаратына келіп, 2-қабаттағы керекті терезеге өздерімен әкелген сатыны қойған және терезе шынысын сындырып, кабинетке кірген. Ұрлаған ноутбуктерді олар күдіктілердің бірінің үйіне апарып жасырған. Қаңтар айында әлгілер 115 мың теңгеге үш ноутбук сатқан. Қалған техниканы полицейлер тәркілеп, гимназияға қайтарды.

Компьютерлердің ұрлану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілерден еш жаққа кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу амалы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар