Полиция қаңтар оқиғасына қатысты 200-ден астам істі қарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қаңтар оқиғасына қатысты 276 істі қарап жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Полиция тергеушілері қаңтар оқиғасы бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Ал 971 іске қатысты тергеу аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Сот талқылауының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға қатысты үкім шықты. Олардың 425-іне бас бостандығын шектеу жазасы берілсе, 104-і ауыр әрі аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазір полиция тергеушілері 276 істі қарап жатыр.

«Жалпы, полиция тергеушілері 40 мыңға жуық тергеу әрекеттерін жүргізді. 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды және 2,5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Зардап шеккен адамдарға 360 млн теңгеге жуық сомаға бағаланған залалды өтеу қамтамасыз етілді. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеу және істерді сотта қарау сатысында күдіктілер өз еріктерімен жәбірленушілерге 15 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеді», - деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар