Полиция капитанының қатысуымен болған жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды - Жамбыл облысы

«Жексенбі, 17 ақпан күні сағат 19:25-те Жамбыл ауданындағы Тараз-Аса тас жолының 15-ші шақырымында «Мицубиши-Паджеро» көлігінің Ж.есімді жүргізушісі «ГАЗ-3110416» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік апатының салдарынан «ГАЗ-3110416» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір әйел ауруханаға жеткізіліп, онда алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Бұдан басқа, бұл «Волганың» тағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен Тараздағы бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп баяндады облыстық ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мәмбет Смайылов.
Аса ауылынан Таразға жол жүріп келе жатқан «Мицубиши-Паджеро» көлігін Тараз қаласының 45 жастағы тұрғыны жүргізді, ол Жамбыл аудандық ІІБ-де полицияның учаскелік инспекторы болып қызмет атқарады, полиция капитаны. «ГАЗ-3110416» көлігінің ішінде 28, 43, 47, 61, 52 жастағы азаматтар мен 3 жастағы бала болды. Олардың барлығы Талас ауданының тұрғындары еді, олар үйге қайтып келе жатты.
Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, «Мицубиши-Паджеро» көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қозғалыстың қарсы жолағына шығып, қарама-қарсы келе жатқан «ГАЗ-3110416» көлігімен соқтығысқан.
Көліктің ішінде қалып қойған зардап шеккендерді алып шығу үшін апаттық-құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-нің «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылар бригадасы, сондай-ақ Жамбыл ауданы бойынша ТЖ бөлімінің қызметкері қатысты.
ЖПБ басқармасының мәліметтерінше, полиция капитаны қабырғаларын сындырып, қазіргі уақытта Тараздағы жедел медициналық көмек ауруханасында жатыр.
Жамбыл облыстық ІІД ЖПБ-ның жедел-тергеу тобы аталған факті бойынша тергеу амалдарын өткізуде.