Полиция қатарына барлық ұлт өкілдерін кеңінен тарту аз ұлттардың да осы органға сенімін арттырады - К. Воллебек

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Полиция қатарына қоғамның барлық ұлт өкілдерін кеңінен тарту аз ұлттардың да осы органға сенімін арттырады.
None
None

 Бүгін Астанада «Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі» атты бірлескен жобаның таныстырылымы барысында ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек осылай мәлім етті.

Жоғарғы комиссардың айтуынша, бүгінгі жобаның өзі Қазақстанның тұрақтылықты қамтамасыз етуді, адам құқықтарын қорғауды жақтайтынын білдіреді.

«Қазақстан Үкіметі адам құқықтары, оның ішінде аз ұлттардың құқықтары құзырлы, кәсіби полиция қызметінсіз жүзеге аспайтынын түсінеді. ЕҚЫҰ Жоғары комиссары ретінде мен күн сайын түрленіп бара жатқан қоғамдағы тәртіп пен игілікті сақтайтын полицияның рөлін жоғара бағалаймын. Алайда полицияға сенім ең адымен сол полиция қызметіне қатысты қалыптасады. Бұл ретте менің ойымша, біз егерде полиция қызметіне қоғамдағы барлық өкілдерді тарта алсақ, бұның өзі аз ұлттарды қоса алғанда өзара сенімді арттыра түседі. Біз ондай қадам арқылы этникаралық қатынастарды нығайтып қана қоймаймыз, полиция қызметінің тиімділігін де арттырамыз», - дейді К. Воллебек.

Оның айтуынша, бүгін тұсауы кесіліп отырған жоба қоғамның көпұлтты құрамын ескере отырып, полиция қызметін соған негіздеуді қарастырады. Осы арқылы этникааралық қысымдар мен қақтығыстардың алдын алу қадамдарын да қалыптастыруға болады. «Мен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу арқылы Қазақстанның тиісті ведомствосын әлемнің басқа еліндегі тиімді шаралармен таныстыра аламыз деп ойлаймын. Бұл жалпы қоғамға қажетті мәселе. Өйткені, қоғамдағы этникааралық және діни әртүрлілік міндетті қағидаға айналуда. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдағы аз ұлттар полиция қызметкерлерін қорғау емес керісінше басып-жаншу құралы ретінде ғана қарайтындай көзқарастар да қалыптасуы мүмкін. Бұндай жағдайда тек полицияның ғана емес, мемлекеттің де біліксіздігіне қатер төнуі мүмкін. Өйткені, полиция мемлекеттің өкілі болып табылады», - дейді К. Воллебек.

Естеріңізге сала кетейік, ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстанда ұйым құрылған 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол еліміздің негізгі халықаралық әріптес ұйымының бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар