Полиция көлігі соққан алматылық әйел оқиға орнында көз жұмды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, салдарынан 49 жастағы алматылық оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған.

«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке орай, әйел оқиға орнында көз жұмды», - делінген департамент хабарламасында.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram