12:28, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Полиция құны жарты миллиард доллар тұратын есірткіні тәркіледі
АСТАНА. 32 шілде. ҚазАқпарат - Австрия полициясы шамамен 252 млн. долларға метамфетамин мен героин партиясын тәркіледі,

деп хабарлады Reuters . 1 жылға созылған тексерудің нәтижесінде Сидней портында теңіз арқылы Таиландтан келген жарты тоннадан артық - 3200 керамикалық құмыраға салынған 306 келі метамфетамин мен 252 келі героин анықталды.
Есірткілерді тасымалдау күдігі бойынша 29-61 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынды. Олар бүкіл ғұмырларын темір тордың ар жағында өткізулері мүмкін.