Полиция қызметкері екі баланы өрттен аман алып шықты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Полиция капитаны Бауыржан Үмбетов ақпанның 1-і күні Чернорецк селосын аралап жүрген кезде кенеттен көмек сұраған дауыстарды естиді.
None
None
Өртеніп жатқан үйдің жанында тұрған адамдардың айтуынша, үйдің ішінде кішкентай балалар қалып қойған.Бауыржан үстіне су құйып, өртеніп жатқан үйге кіріп кетеді. Көк түтінге, шатырдың жанып жатқанына қарамастан, полицей барлық бөлмелерді аралап шығады, бірақ балаларды таппайды. Сыртқа шығып таза ауа жұтып, үстіне тағы бір рет су құйған ол үйге қайтып кіреді. Шеткі бөлмелердің бірінде үстелдің астынан үш жасар Вика мен әлі екі жасқа да толмаған Эдикті табады. Балалар құтқарылды. Полиция капитаны Б.Үмбетов ішкі істер органдарында 1995 жылдың мамыр айынан бері қызмет етіп келеді. Қызметін Ақсу қаласында полицияның учаскелік инспекторы болып бастаған ол 1997 жылдан бері Павлодар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдын-ала пайымдау бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған.
Соңғы жаңалықтар