Полиция қызметкері қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты - ҚР ІІМ

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғынынан ақша  бопсалады деген күдіктіні ұстау бойынша шұғыл іздеу іс-шараларын өткізу үшін сейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ердәулет Қарымсақов пен Тайыр Шерәлиев Алматы қаласына келіп жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның 8-інде сағат таңғы 5-те Арктика көшесіндегі үйден күдіктіні ұстау кезінде шұғыл өкілетті қызметкер Т.Шерәлиев пышақталып, көз ұзамай алған жарақаттан медицина мекемесінде қаза тапты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыс жасалған аумақта бірнеше адам ұсталды. Қылмыс жасалған күдікті анықталды, оны ұстау бойынша шұғыл іздеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар