Полиция қызметкеріне қол көтерген павлодарлық ұсталды

Тиым салынған орындарда адамдардың шомылу фактілерінің жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу барысында тәртіп сақшылары Ертіс өзенінің жағалауында ауылдың кәмелеттік жасқа толмаған үш тұрғынын ұстады. Ата-аналарының қатысуымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін тәртіп сақшылары балаларды тұрғылықты мекенжайларына алып барды.
«Әкесі, мас бола тұрып, полицейлердің балаларын алып келе жатқандарын көре сала, ұрып-соғып, оларға бас салды. Қызметкерлердің талабы бойынша ер адам дереу балаларын үйіне кіргізді. Кейін, ол қайтып келіп, полиция капитанын мойнынан жұлқылап, жұдырырығымен желкесіне бір соқты, содан соң есікке қарай итермеледі. Дәрігерлер полиция капитанына «Жабық бас сүйек- ми жарақаты, бас миының шайқалуы, мойын жағы және сол жақ шынтақ буынының соғылуы» деген қорытынды шығарды, - деді баспасөз қызметінде.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.