Полиция қызметкеріне табелді қаруын қолдануға тура келді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Жанмұрат Жанайдаров) - Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жедел іздестіру топ өкілдері қашып құтылмақ болған қылмыскерді тоқтату үшін табелді тапаншаны қолдануға тура келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кешқұрым облыс орталығында автоқалашық аумағында жедел-іздестіру топ құрамы іс -шара барысында бұрындары есірткі бизнесімен сотталған күдікті азаматты тоқтатқан. Бірақ ол полицейлерге бой бермей, өзінің «Тойота-Камри» жеңіл көлігімен қашып кетуге әрекеттенген. Істің насырға шапқанын сезген жедел топ өкілінің бірі тапаншасын қолданып, қылмыскерді құрықтауына тура келген. Алдын ала жүргізілген тексеріс көрсеткендей, Жамбыл облысына қарасты Шу ауданының 1974-ші жылы туған А.деген азаматтың көлігіне жасырылған тағы бір киләдан астам марихуана табылды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар