Полиция қызметкеріне жалған айып таққан адам жазаға тартылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық сотының үкімімен Н.Ерментаев ҚР ҚК 419-бабы 3-бөліміне (ауыр қылмыс жасады деп айыптап, жалған сөз жеткізу) сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.Ерментаев облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Э.Есенғалиевтің оған ауыр дене жарақатын салғаны жөнінде жазбаша өтінішпен жүгінген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде белгілі болғанындай, Н.Ерментаев дене жарақатын өзінің абайсыздығынан алған. Ал полиция қызметкерін жеке бас араздығына байланысты «ауыр қылмыс жасады» деп айыптаған.