20:30, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Полиция қызметкерінің өліміне кінәлі қылмыскерлер ұсталды - ҚР ІІМ
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұған дейін ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағанындай, сейсенбі күні Алматыда қылмыскерді ұстау кезінде шұғыл өкілетті қызметкер Тайыр Шерәлиевтің қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қылмыс жасалған аумақта бірқатар адамдар ұсталған болатын. Алматы қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері полицейді өлтірді деген күдікпен - 1984 жылы туған Рахим Сүлеймановты және ақша бопсалады деген күдікпен - 1987 жылы туған Комбар Буквадзені Алматы облысының Ұзынағаш кентінде ұстады.