Полиция қызметкерлерін балағаттаған Павлодар тұрғыны әрекетінің себебін түсіндірді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде полиция қызметкерлерін балағаттаған 26 жастағы әйел бұл әрекетінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Интернетте жарияланған Павлодардағы сауда үйлерінің бірінің жанында болған жаппай төбелес туралы ақпараттың астына павлодарлық әйел ызалы пікір қалдырған, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ішкі істер департаменті. Ол полиция қызметкерлерінің қайда қарағандығы жайлы сұрақ қойып, оларды балағаттаған.
«Оның әрекеті заңсыз, ол әлеуметтік желі арқылы полиция қызметкерлерінің абыройын түсіріп, ар-намысына тиіп, оған балағат сөздер айты, - делінген ІІД-інің баспасөз хабарламасында.
«Әйелдің айтуынша, ол бұрын қайтыс болған азаматпен бірге тұрған, оны қасақана өлтіріп кетті деп есептеп әлеуметтік желі арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған», - дейді ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі мәтіндердің авторы - үш баланың анасы және бұғанға дейін авторлық құқық бұзушылық, ұрлық жасау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын хабарлайды.
Ұсталған азаматша кінәсін мойындап отыр. Бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша азаматшаға 300 айлық есептік көрсеткіште айыппұл түрінде жаза немесе сол көлемдегі түзеу жұмысы түріндегі, немесе 240 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 75 тәулік мерзімімен қамауға алу жауапкершілігі жүктелуі мүмкін.