Полиция қызметкерлерінің халық алдындағы беделін өсіру - басты парызымыз - С. Баймағамбетов

ӨКШЕТАУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров / - Бүгін Елбасының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен түсіндіру мақсатымен Ақмола облысына келген республикалық ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов өңір ішкі істер қызметкерлерімен кездесіп, Жолдау турасында ойымен бөлісті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің , Көкшетау қаласындағы нөмірі екінші учаскелік полиция бекетінің, кинологтар қызметімен танысып, жұмысты алға бастыру турасында ойларын ортаға салды. Ішкі істер департаментінің конференц- залында министр Елбасының Жолдауын іске асыруға қатысты басым бағыттарды тарқатып, орын алған олқылықтарды, кемсін тұстарды ретке келтіру жайына баса назар аударды. «Полиция қызметкерлері халықпен тығыз байланыстағы маңызды құқық қорғау органы болып саналады. Елбасы атап көрсеткендей, баршамыз халықтың сенімінен шығуға, сол ынтымақтастықты нығайтуға тиістіміз. Ол е алдымен біздердің жұмысымыздағы ашықтыққа, анықтыққа, шындыққа, ұйымшылдыққа байланысты. Баршамыз да осыны естен шығармауымыз қажет»,- деп атап көрсетті министр өз сөзінде. Бұл орайда аудандық және қалалық құрылымдарға жүктелер міндеттің ауырлығы, жауапкершіліктің басымдығы тілге тиек етілді. Осы бағытта халық жасақтарына, жастар бірлестіктерінің топтарына, студенттер құрылымдарына арқа сүйеу қажеттігі айтылды. Жолдауда атап көрсетілгендей, алдағы күнде оңтайландыру шаралары шешімін тауып, босаған қызметкерлер басқа буындарды толықтырмақ. Екінші бір мәселе адамдардың өтініш-шағымы. Әр өтініш-ұсынысқа ерекше мұқият болуы қажеттігі ескертілді. Оның сыртында адам тағдыры тұрғанын естен шығаруға болмайтынына назар аударған министр өңірдегі осы тұстағы кемсін жәйттерге ерекше назар аударды.

Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің қатысуымен осындай пікір алмасу кездесулер мен актив жиындары Атбсар, Астрахан, Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың аудандарында да өткізіліп, Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы әңгіме арқауына айналды.

Соңғы жаңалықтар