15:07, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Полиция ломбардқа қарақшылық шабуыл жасағандарды қамауға алды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ломбардқа қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіттер ұсталды.

Бүгін Астанада өткен апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім еткендей, Алматы облысының жедел уәкілдері мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Қарғалы ауылындағы ломбардтардың біріне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 19 жастан 23 жасқа дейінгі жастағы үш жергілікті тұрғынды ұстады.
«Ағымдағы жылғы 1 сәуірде бетперде киген үш адам ломбардқа кіріп, күзетшіге және бағалаушы сарапшыға пышақ жарақатын келтіріп, ақша мен сомасы 4,5 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды иеленіп алған.Күдіктілер қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді ол.