Полиция Серік Күдебаевтың елден қашуына жауапты емес - Марат Қожаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматы облысы бұрынғы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұл жағдайларды шатастырмау керек. Генерал Серік Күдебаев қамауда болған жоқ және полиция бұл жағдайда оның бұлтартпау шарасына жауап бермейді. Оған басқа шара тағайындалды. Мен өз баяндамамда қамаудан қашудың 11 фактісі туралы айттым. Шатаспасам, жыл басынан бері бас бостандығынан айыру орындарынан қашу бойынша 3 факті тіркелді. Оның барлығы бір тәулік ішінде табылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Генерал Серік Күдебаев қамауда болған жоқ», – деді Марат Қожаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, биыл 3 сәуірде Талдықорға қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялаған еді.

27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Айта кетсек, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот үкімімен Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.


Соңғы жаңалықтар