Полиция Шымкент балабақшасындағы баланың мойынындағы жарақатқа қатысты оқиғаны тексереді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі балабақшаға қатысты оқиға бойынша меңгеруші мен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханованың айтуынша, «Сұңқар» балабақшасынның меңгерушісі мен тәрбиешісі қатаң сөгіс алған.
Сондай-ақ, тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған. 4 жасар Марк Хаджиев мойынынан жарақат алғасын дау шыққаннан кейін, мекеме қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.
Баланың ата-анасы полицияға арызданды. Онда қазір ҚР ҚК-нің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір тергеушілер жарақаттың себептерін анықтау үшін жүргізілген сараптама қорытындысын күтіп отыр.