Полиция старшинасы өкілеттігін асыра пайдаланып, ұсталған адамды соққыға жықты - Павлодар
21 қазанда патруль полицейлері Павлодар ІІБ-ның кезекші бөліміне 24 жастағы ішімдік ішкен азаматты жеткізді. Оны түнгі кезекшілікке кіріскен полиция старшинасының қызмет бөлмесіне әкелді. Әңгіме үстінде сөзге келіп қалып, старшина азаматқа басына және денесіне қолымен және аяғымен соққыға жығып, денесіне зақым келтірді.
Соққыға жығылған азамат прокуратураға шағымданып, оны тексеру облыс ІІД-нің өз қауіпсіздігі басқармасына жүктелді.
Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 4-бөлімінің «Күш қолданумен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану» 308-бабының «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкері жәбірленушіге қоқан-лоққы көрсеткендіктен облыс прокуратурасы старшинаны ұстап, тұтқынға алуға нұсқау берді.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысын облыс прокуратурасы қадағалауда.