Полиция WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқандарды іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқандарды іздеуде

Оның айтуынша, WhatsApp арқылы белгісіз адамдар мектеп оқушылары арасында құрамында психотропты заттары бар сағыз таратып жүр деген ақпарат тараған. Ал бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Полицияның арнайы қызметі арандатушылық мәліметтерді қасақана таратқан тұлғаларды анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Олар міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», - деді Алмас Садубаев.