Полиция жаңажылдық мереке қарсаңында астаналықтардың ұрылардан сақ болуын ескертті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының ұры-қарыдан сақ болуын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңажылдық мерекелер қарсаңында елордалық полиция қала тұрғындары мен қонақтарына қалта ұрыларының құрбаны болмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтап, мұқият болуды ескертеді.
Ұрылар қоғамдық көлікте, автобус аялдамаларында, халық көп жиналатын орындарда жүреді. Мереке алдындағы қарбалас күндері олар тұрғындардың салғырттығын ұтымды пайдаланады. Әсіресе, ұялы телефондар мен әмияндар басты олжаға айналады.
Полиция ақшаңызды артқы қалтаға салмауға, қоғамдық көлікте жеке заттарды мұқият қадағалауға және құнды заттарды адам көп жиналатын жерде ұстамауға кеңес береді.
Полиция департаменті ұрылардың суреттерін таратты.
«Егер заңсыз әрекет жасаған азаматтар туралы ақпарат болса, Полиция департаменті Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайына немесе телефон арқылы 71-61-71, 71-62-47, сот. 8-747-731-83-19, 102 нөмірлеріне қоңырау соғуды сұрайды», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
