«Полиция және мектеп» - Павлодардың құқық қорғау органдары қолға алған іс-шара осылай аталады
деп хабарлады қаланың ішкі саясат басқармасынан.
Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, балалардың мектепке баруын қадағалау, кәмелеттік жасқа толмағандар мен құқық қорғау органдары арасында сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады.
Қыркүйектің 20-сынан бастап мектептегі барлық учаскелік инспекторлар ауысым кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалап, балаларды мектептен шығарып салуда.
Кеше, №5 мектепте кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім бастығы Евгений Оскома балалар мен мұғалімдерді қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Сегіз ай ішінде Павлодарда жасөспірімдер 79 қылмыс жасапты, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53 оқиғаға кем. Павлодардың кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде 208 жасөспірім тізімде тұр.