Полиция жұмысын адал атқармаса, құр жазаны қатайтумен жол қауіпсіздігін жақсарта алмаспыз - Р. Сәрпеков

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Егер полиция өз міндеттерін адал атқармайтын болса, онда құр жазаны қатайтумен жолдағы қауіпсіздікке толыққанды қол жеткізе алмаймыз. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жол қозғалыстары мәселесіне арналған заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында депутат Рамазан Сәрпеков осылай мәлім етті.
None
None

«Жыл сайын жол-көлік апатының саны артып отырғаны ешқандай сынды көтере алмайды. Егер 2012 жылы бұның көрсеткіші 2174 құраса, ағымдағы жылдың 9 айында айтарлықтай артып кеткен. Сонымен қатар, көлікті мас күйінде жүргізетін жүргізушілердің саны да күрт көбейген. Бұған дейін жүргізушілік құқығынан айырылғандардың қайта рульге отыру фактілері де тіркеліп жатыр. Сонда жол полициясы қайда қарап отыр?» - дейді Р. Сәрпеков.

Оның айтуынша, депутаттар Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға жазаны күшейтетін заң нормаларын қолдайды. «Алайда, егер полицейлер өз міндеттерін адал атқармайтын болса, онда жазаны күшейтіп, айыппұлдарды арттырып қана жолдағы қауіпсіздікті қалпына келтіреміз деудің реті жоқ», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар