«Полицияны ұрған оңбайды» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 12 тамыз, сәрсенбi күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, құрдымға кеткен «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының салымшылары бес миллион теңгеге дейін­гі со­мадағы ақшаларын қай­тарып алатын болды. Бұл соманы төлеуді «Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ өз міндетіне алып отыр. Өтінімдер ағымдағы жылдың 10 тамызынан қабылдана бастады. «Қазақстан Республи­касы­ның Ұлттық Банкі» РММ Қара­ғанды филиалының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне меншік құқығын қор­ғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепіл­дендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы күшіне енген. Осыған сәйкес, кепілдік өтеулерін алу үшін салымшылар жарты жыл ішінде төлемші банк-агент болып табылатын «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамының кез келген бөлімшесіне хабарласа алады. Ал бес миллион теңгеден асатын салым сомасының қалдығы мен оған тиесілі сый­ақыны «Валют-Транзит Банк» АҚ тарату комиссиясы төлейтін болады. Бұл материал « Атышулы банктен ақшаларын ала бастады » деген тақырыппен берілген.

Бас басылымда « Тамызда алма ағашы гүлдеді» атты материал жарық көрді. Алматының «Таугүл» шағын ауданында тұратын Пансатбек қажы Райымбек ақсақалдың бақшасында алма гүлдеді... Көктемде гүл ашқан жаздық алма жемісін салып, оны әулет адамдары жеп тауысқан сәтте алма ағашының қайтадан гүлдегені, тіпті, көпшілік үшін күтпеген оқиға болды.

- Мұндай бақшадағы құбылысты өз басым бірінші рет кездестіріп отырғаным жоқ, - дейді 83 жастағы қарт. - Ілгеріректе, бұдан 10-15 жыл бұрын да бір алма ағашы бір жылда екі рет гүлдегені бар. Бірақ, жеміс бермеген еді. Алматыда күннің қызуы шілденің басындағыдай әлі де қайтар емес. Оқта-текте құйындатып мезгілсіз жел соққаны болмаса, қаланың баяғы...жауып, басылып тұратын ақ жауыны жоқ. Жерге тамшы түспегелі де айға жуықтап қалды. Күннің ерекше ыстығы қарияның бау-бақшасына осындай бір қызық құбылыс сыйлады. Төбесінен ыстық, табанынан су кетпеген алма ағашы осылайша қайталай бүр жарған секілді. - Жаздың соңғы айының алғашқы онкүндігінде қайта гүлдеген жеміс ағашы күздік тұқымдарымен қатарласып жеміс те беріп қалуы мүмкін, - дейді ақсақал. ***

«Соңғы кездерде құқық қорғау органдары мен азаматтардың арасында болған жанжалдар туралы әңгімені жиі еститін болдық. Көбінесе мұндай оқиғалар жол бойындағы көлік жүргізушілерімен байланысты болады. Кейбір кездерде мұндай жанжалдардың шығуына полиция қызметкерлерінің өздері себепкер болғаны анықталып жатады. Дегенмен, қандай да лауазым иесі болсын, күші бар заң құқық қорғау қызметкерлеріне басымдық беретінін есте ұстаған жөн. Өйткені ол заңдылықты қадағалайтын орындаушы болып табылады», - деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Полицияны ұрған оңбайды» атты мақаласында.

Қызылорда облыстық Iшкі істер депар­таментінің хабарлауынша, жыл басынан бер­гі жеті айдың ішінде полиция қызмет­кер­лерінің қызметтік міндеттерін атқару ке­зінде олардың заңды талабына бағынбау, қарсылық көрсету және күш қолдану бо­йын­ша 14 факті тіркелген екен. Осы факті­лер бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберіліпті.

Осы басылымда «Интернет иммунитетті әлсіретеді» деген материал жарияланды. Итальян және британ ғалымдарының айтуына қарағанда, компъютердің алдында ұзақ отыру ағзаның қорғаныш қабілетін әлсіретіп, адамның тезірек тұмауға шалдығуына әсер етеді.

Сондықтан ғаламторды шарлап, интернетке ұзақ үңілуге болмайды. Мұның сыры мынада: зерттеушілердiң айтуынша арасында таза ауамен тыныстап, көшедегі өткен-кеткенге де қарап, таныстарымен сөйлесіп отыру да қажет. Интернетпен емес, адамдармен көбірек сырласуы керек.

«Адамдармен сыртқы қарым-қатынастың көбірек болуы - иммунитетті күшейтеді». Бұл - зерттеу жүргізген сарапшылардың пікірі. Бұл пікір бекер емес. Сауалға жауап бергендердің 70 пайызы күніне 6 сағат бойы интернетке үңіліп отыратындарын жасырмады. Жауап алынғандардың 30 пайызы күніне 10 сағат бойы компьютердің алдында уақытын өткізетін болып шықты. Ма­мандар мынадай тағы бір қызғылықты деректерді алға тартып отыр: Әйелдер компьютер арқылы интернет-дүкенге көп кірсе, ерлердің желі арқылы ойна­латын ойындарға аңсары көбірек ауып, порносайттарды жиі көреді екен.

***

«Экспресс-К» газетінің бүгінгі санында « Под благовидным подлогом » деген материал берілген. 28 жасар ақтөбелік Қайсар Асқаров беделді қызметттерге орналастырамын деп өзінің жерлестерін алдап келген. Ол абыройлы адамдармен таныс екенін алға тартып, азаматтардың сеніміне кіріп отырған.

Оның алдауына түсіп қалған азаматшалардың бірінің сөзіне қарағанда, өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктен тестілеуден өткелі жүргенде, Қ. Асқаров аталған қызға аудандық әкімдікте 200 мың теңгеге қызмет ұсынған екен. Қыз кейіннен тестілеуден өте алмаған соң, Асқаровқа ақшаны қайтаруды талап еткен. Алайда ол өзінің телефонын өшіріп, байланысын үзген. Сонымен қатар ол тағы бір адамды алдап, ақшасын қалтасына басқан екен. Сот үкімі бойынша Қ. Асқаровты екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы шығарылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум