2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлде еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Полина Иванова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Полина Иванова
Фото: Никита Басов /ҚР ҰОК

Әйелдер арасындағы сырықпен секіру сайысының финалында Иванова 4,15 метр биіктікті бағындырды. Үндістандық Бараника Элангован да дәл осындай нәтиже көрсетті. Екі спортшы үшінші орынға жайғасты.

Жарыста жапониялық Мисаки Морота 4,55 метр биіктікті бағындырып, жеңімпаз атанды. Қытайлық Ню Чунгэ 4,50 метр нәтижесімен екінші орын алды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Черкашина 4,00 метр нәтижесімен жетінші орынға ие болды.

Бұдан бұрын Алина Чистякова 20 жылдан кейін елге жетісайыстан жүлде әкелгенін жазғанбыз.