16:56, 14 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Полицейлер «Shymkent Marathon – 2025» іс-шарасына қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – Шымкентте мерейтойлық «Shymkent Marathon – 2025» іс-шарасы өтті. Елдегі ең ірі спорттық шаралардың бірі саналған марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған әуесқой мен кәсіби спортшы жиналды.

Қатысушылар қатарында полиция қызметкерлері де болды. Қалалық полиция департаментінің 50-ден астам өкілі мегаполис тұрғындары мен қонақтарымен бірге қашықтықты еңсерді.

— Мұндай спорттық іс-шараларға қатысу біз үшін маңызды. Бұл өзара түсіністік пен командалық рухты нығайтып қана қоймай, салауатты әрі белсенді өмір салтына ынталандырады, — дейді тәртіп сақшылары.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын жазған едік.