Полиция қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өтеді. Президент Жарлығының жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

полиция
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Аттестаттауды өткізу үшін дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу және логикалық ойлау қабілеті, IQ және басқарушылық құзыреті деңгейін анықтау, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу кестелерін Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары бекітеді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тиісті аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

- атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжыту үшін ұсынылады;

- атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

- атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;

- атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауысу ұсынылады;

- атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және ішкі істер органдарынан босату ұсынылады.

Орталық аттестаттау комиссиясы төмендегі ішкі істер органдарының лауазым иелерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізеді:

1. Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының, аумақтық полиция департаменттері, көліктегі полиция департаменті және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің орта, аға және жоғары басшы құрамының барлық лауазымдары;

2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, дербес бөлімдер бастықтары;

3. Аумақтық полиция департаменттері мен көліктегі полиция департаменті бастықтарының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;

4. ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы және бастығының орынбасарлары;

5. Қылмыстық - атқару жүйесінің аумақтық департаменттері бастықтарының орынбасарлары;

6. Аумақтық полиция департаменттері мен көліктегі полиция департаменті аппараты басқармаларының, дербес бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары;

7. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаменттері аппараттары бөлімдерінің бастықтары;

8. Аумақтық полиция департаменттерінің полиция басқармалары мен бөлімдерінің, көліктегі полиция департаментінің желілік басқармалары мен полиция бөлімдерінің бастықтары;

9. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары;

10. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қ.), дипломатиялық өкілдіктерді, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі, облыстар мен қалалардың мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының бастықтары;

11. Кинологиялық орталықтың, Автокөлікке қызмет көрсету мекемесінің, «Оңтүстік» және «Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базаларының бастықтары.

Өңірлік аттестаттау комиссиясы төмендегі ішкі істер органдарының лауазым иелерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізеді:

1. Аумақтық полиция департаменттері және көліктегі полиция департаменті аппараты басқарма бастықтарының орынбасарлары;

2. ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бөлім және бөлімше бастықтары, бөлім бастықтарының орынбасарлары;

3. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қ.), облыстық, қалалық, дипломатиялық өкілдіктерді және үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармалары бастықтарының орынбасарлары;

4. Кинологиялық орталық, Автокөлікке қызмет көрсету басқармасы, «Оңтүстік» және «Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базалары бастықтарының орынбасарлары;

5. Аумақтық полиция департаменттері және көліктегі полиция департаментінің қарамағындағы бөліністері басқармаларының, бөлімдерінің бастықтары және бастықтарының орынбасарлары;

6. Аумақтық полиция департаменттері және көліктегі полиция департаментінің полк, батальон және рота командирлері және орынбасарлары;

7. Аумақтық полиция департаменттерінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақтарының командирлері және орынбасарлары;

8. Аумақтық полиция департаменттерінің арнайы мақсаттағы бөліністерінің командирлері және орынбасарлары;

9. Аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері аппаратының бөлім бастықтарының орынбасарлары, бөлімше бастықтары;

10. Аумақтық полиция департаменттерінің бөлім бастықтары және басқарма, көліктегі полиция департаментінің желілік басқарма және бөлім бастықтарының орынбасарлары;

11. Аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері пробация қызметтері бөлімдерінің бастықтары;

12. Көліктегі полиция департаменті желілік полиция бөлімшелерінің бастықтары;

13. Аумақтық полиция департаменттерінің полиция басқармаларының жанындағы полиция бөлімдерінің бастықтары және бастықтарының орынбасарлары;

14. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері бастықтарының орынбасарлары;

15. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қ.), облыстық, қалалық, дипломатиялық өкілдіктерді және үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім бастықтары;

16. Аумақтық полиция департаменттері және көліктегі полиция департаменті желілік полиция басқармаларының бөлім бастықтары;

17. Облыстық, қалалық, дипломатиялық өкілдіктерді және үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальондарының командирлері және командирлердің орынбасарлары, рота командирлері.

Жарлық жобасы 7 ақпанға дейін жария талқылауға шығарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар