Полиция Жетісуда баланы ұрып-соққан әйелді ұстады
АСТАНА. KAZINFORM – Мессенджерлерде «жүрегі әлсіздер қарамасын» деп жазылған жас баланың ұрып-соғылғаны көрсетілген бейнежазба таралып жатыр. Оқиға Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.
Жетісу облыстық полиция департаменті дереу тексеру басталғанын хабарлады.
- Панфилов аудандық полиция қызметкерлері Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізді. 28 жастағы әйелдің кішкентай баласына дене жарақаттарын салғаны анықталды, - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді, онымен тергеу амалдары өткізіліп жатыр, содан кейін ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсыныс жіберіледі, - деп қосты ведомство.
Атап өтілгендей, тергеу барысын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған. Тергеу қорытындылары бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
- Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Балалардың құқықтары жөніндегі аймақтық өкіл жайдайды бақылауына алған, - деп атап өтті ҚР Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті.
Бұған дейін Алматыда баланы аяусыз тепкен ер адам қамауға алынғанын жазған едік.