Полковник Жантөриннің ісі прокурорға қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе гарнизонының әскери соты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағы 4-тармақшасында қарастырылған қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Ақтөбе облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Г.Жантөриннің ісін қарады.

Полковник Жантөриннің ісі прокурорға қайтарылды

Бұрын хабарланғандай, 14 маусымда  Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының департаменті Ақтөбе облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Г. Жантөринді ұстады.  Ол бопсалау арқылы медициналық комиссиядан кедергісіз өту, үміткерлердің әскери-техникалық мектептерге түсуіне, әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскери қызметкерлерге "қамқорлық жасаймын" деп ұдайы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшыларынан пара алып келген. 

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, басты сот талқылауын  тағайындау үшін кедергілер бар екені анықталды.

Аталған қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 623-бабы 4-тармағына сәйкес алдын ала тыңдалымға шығарылды.

Алайда сот процессуалды келісімде көрсетілген жазалау мөлшерімен келіспеді, өйткені ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағының 4-тармақшасына алынған параның жетпіс еселенген көлемдегі айыппұл салу қарастырылған.  Сондай-ақ сот қылмысты саралаумен де де келіспеді.

Осылайша сот қылмыстық істі прокурорға қайтарды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеді.