Польша Беларусьпен шекарасын жабады — Премьер-министр
АСТАНА. KAZINFORM — Польша 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні Беларусьпен арадағы шекарасын толықтай жаппақшы, деп хабарлайды Синьхуа.
Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысы алдында Польша Премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді.
— Ұлттық қауіпсіздік мақсатында біз Беларусьпен арадағы шекараны, соның ішінде теміржол өткізу бекеттерін де жабамыз… Бұл бейсенбіге қараған түні, яғни жұмаға өтетін түнгі сағат 00:00–де жүзеге асады, — деді Дональд Туск.
Польша ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шара барлық бақылау-өткізу бекеттеріне, соның ішінде теміржол желілеріне де қатысты болады.
Бұдан бұрын Польшадағы қазақстандық әскери атташе аппаратының қызметкері ұсталғанын жазған едік. Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.