Польша өз азаматтарын Израильден эвакуациялап жатыр

Польша өз азаматтарын Израильден эвакуациялауды бастады. Бүгін 120 адам мінген алғашқы ұшақ Варшава әуежайына қонды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Ұшақ
Фото: twitter.com/mblaszczak

«Израильден эвакуацияланған адамдардың алғашқы легі Польшаға келді. Мен біздің әскерилерімізге операцияны сәтті өткізгені үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды Польшаның Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак өзінің Тwitter-дегі парақшасында.

BBC News-тің хабарлауынша, бүгін эвакуацияланған поляктар мінген тағы екі ұшақ Польшаға оралады.