Польша президенті елге НАТО әскерін енгізуге рұқсат берді
АСТАНА. KAZINFORM — Польша президенті Кароль Навроцкий НАТО-ға мүше елдердің әскери құрамының елде болуына келісім беретін қарарға қол қойды. Бұл туралы Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

— Солтүстік Атлантика шарты ұйымының (НАТО) әскері «Шығыс сақшысы» (Eastern Sentry) операциясы аясында елде қосымша күш ретінде орналаса алады, — делінген хабарламада.
Prezydent RP Karol Nawrocki podpisał postanowienie o wyrażeniu zgody na pobyt na terytorium RP komponentu wojsk obcych Państw-Stron Organizacji Traktatu Północnoatlantyckiego jako wzmocnienie RP w ramach operacji „Eastern Sentry”.
— BBN (@BBN_PL) September 14, 2025
Postanowienie Pana Prezydenta ma charakter…
Еске сала кетсек, «Шығыс сақшысы» операциясы 10 қыркүйекте Польша әуе кеңістігіне дрондардың басып кіруіне жауап ретінде екі күн бұрын басталған. Олардың бір бөлігін әуеге көтерілген жойғыш ұшақтар атып түсірді.
Операцияның мақсаты «дрондарды пайдалану арқылы туындайтын нақты қауіптердің алдын алу».
Бұған дейін біз Анкарада НАТО-ның келесі саммиті 2026 жылдың шілде айында өтетіні туралы жазған болатынбыз.