Польшада 1 сәуірден бастап зейнетақы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — Польшада 1 сәуірден бастап осы жылы зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың зейнетақысы азаяды. Бұл туралы Fakt басылымы хабарлайды, деп жазды БЕЛТА.

Зейнеткерлер
Фото: shutterstock

Мұндай өзгеріс Әлеуметтік сақтандыру басқармасы (ZUS) жаңа кестелер бойынша зейнетақыны есептейтін болғандықтан жүзеге асады. Өзгерістер 1966 жылы туған әйелдер мен 1961 жылы туған ерлерге қатысты болады. Бұл адамдар үшін жаңа зейнетақы жылына бірнеше жүз злотиден азайуы мүмкін.

Зейнетақыны есептегенде ZUS әр азаматтың жинақталған қаражатын оның өмір сүру ұзақтығына бөледі.

Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап келесі жылдың 31 наурызына дейін зейнетақыға өтініш берген адамдарға қолданылады.

Зейнетақының төмендеуі Польшадағы өмір сүру құнының айтарлықтай өсуі жағдайында болады. Электр және газ бағасының қымбаттауы тұрғындардың шығындарын арттырса, жанар-жағармай бағасы да рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Айта кетейік, Франция парламенті зейнетақы реформасын тоқтатуды қолдады.

Соңғы жаңалықтар