Польшада ортағасырлық рыцарьдің зираты табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Поляк археологтері Гданьск қаласының қақ ортасында ерекше олжаға тап болды. Жергілікті халық табылған жауынгерді дереу «гданьсктік Ланселот» деп атап кетті, деп хабарлайды euronews.

Археологи обнаружили в центре Гданьска захоронение средневекового рыцаря
Фото: facebook.com/pwkzgdansk

Ортағасырлық жерлеу орны Сукенница мен Гродзка көшелерінің қиылысында, ауқымды археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Бұл жұмыстар 2023 жылдан бері жалғасып келеді.

2025 жылдың шілде айында ArcheoScan тобы XIII ғасырмен даталанатын рыцарь бейнеленген қабіртас тапқан. Екі күннен соң, дәл сол қабіртас астынан жақсы сақталған рыцарьдің қаңқасы шыққан.

Рыцарь шамамен 40 жаста болған. Оның бойы 168–178 см шамасында болған көрінеді — ол заманда бұл өте биік көрсеткіш. Оның қабіртасы қымбат Готланд әктастарынан жасалған. Ал сыртында сауыт, қылыш және қалқаны бар рыцарь бейнеленген. Археологтердің айтуынша, бұл адамның қарапайым азамат болмағаны анық.

Тарихқа көз жүгіртсек, XIII ғасырда Гданьск (бұрынғы Данциг) Тевтон орденінің билігінде болған. Алайда кейбір ғалым бұл рыцарь XI–XII ғасырларда билік еткен Собеславтар әулетінің өкілі болуы мүмкін деп санайды.

Сонымен қатар қазба кезінде 1140 жылмен даталанатын ағаш шіркеу, ортағасырлық көше бөліктері, 1335–1341 жылдары салынған тевтондық қамалдың қалдықтары табылды. Бұл қамалды 1454 жылы жергілікті тұрғындар қиратқан.

Археологтер табылған қаңқаны әрі қарай зерттеп, рыцарьдің шығу тегі мен өмірлік тарихын анықтауға тырысады.

Бұдан бұрын канадалық энергетикалық компания Балтық теңізінде ірі көмірсутек қоры бар кен орнын анықтады.

Соңғы жаңалықтар