Польшадағы қазақстандық әскери атташе аппаратының қызметкері ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

— Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растады. Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау қағидаларына өзгерістер енгізді.