Поляк тарапы ҚР-мен қорғаныс және әскери-техникалық салада ынтымақтастыққа мүдделі - ПР ұлттық қорғаныс министрі Т.Шемоняк

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қорғаныс саласындағы қазақ-поляк ынтымақтастығын күшейтудегі  жоғары әлеует ҚР-ның Варшавадағы Елшісі Ерік Өтембаевтың Польшаның Ұлттық қорғаныс Министрі Томаш Шемонякпен кездесуі барысында атап өтілді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіншіліктерін талқылап, НАТО,  ШЫҰ, ҰҚКҰ жұмысы мен Ауғанстандағы жағдай тұрғысынан көптеген форматта өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Т. Шемоняк поляк тарапының ҚР-мен қорғаныс және әскери-техникалық салада ынтымақтастықта мүдделі екенін қуаттады.  Аталмыш кездесудің оның Астанаға сапары қарсаңында  пайдалы екендігін атап өтіп, ҚР Қорғаныс Министрі Ә. Жақсыбековке шақыру үшін алғысын жеткізуді өтінді.

Қазақстандық дипломат екіжақты байланыстарды нығайтудың перспективті бағыттарына бітімгершілік жұмысы мен кадрлар дайындауда тәжірибе алмасуды қосты. Е. Өтембаев екі ел әскерлерінің поляк көшбасшылығымен Иракта 2003-2008 жылдары Көпұлттық дивизия құрамында қазақстандық инженерлік-саперлік бөлімшесінің миссиясы шеңберіндегі тиімді тәжірибесі бұл үшін жақсы негіз болғаын атап өтті.  Ол сондай-ақ сұхбаттасушысын ҚР-ның Каспийде қорғаныс әлеуетін нығайту бағдарламасын жүзеге асыру туралы хабардар етіп, екі елдің әскери-теңіз күштері арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

Поляк министрі қазақстандық өкілдерді  ПР-дағы «Анаконда» әскери оқуларына қатысуға шақырды. Е. Өтембаев поляк әскерлерінің «Дала бүркіті» оқуларына қатысуға мүмкіншілігін қарастыруды ұсынды.

Ауғанстанды тұрақтандыруға халықаралық жәрдемдесу мәселесін талқылай отырып, сұхбаттасушылар оның гуманитарлық және экономикалық құрамдасын күшейту керектігін және  қазақстандық жоғарғы оқу орындарда 1000 ауғанды азаматтық мамандықтарға даярлау секілді білім беру бағдарламаларының тиімділігін  құптады.

Соңғы жаңалықтар