Порнографиялық сайтқа кіргені үшін айыппұл – Полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алаяқтар порнографиялық сайтқа кіргені үшін айыппұл ретінде мобильді балансты толтыруды талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Интернет желісінде порнографиялық сайттарға кіргені үшін компьютерді немесе гаджетті бұғаттау туралы құқық қорғау органдарының атынан хабарлама алған азаматтарға қатысты ақпарат таратылады. Бұл ретте азаматтарға айыппұлды абоненттік нөмірдің балансын мобильді қосымшалар не банк терминалдары арқылы толықтыру арқылы төлеу ұсынылады. Бұл алаяқтық схемалардың бірі. Әдетте, мұндай хабарламалар белгілі бір интернет-ресурстарға қосылады, олар жүгінген кезде ол іске қосылады», - деді Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының мұндай хабарламаларға қатысы жоқ. Олардың барлық әрекеттері қолданыстағы заңнамамен қатаң реттеледі. Сондай-ақ, айыппұлдарды ұялы телефон балансына немесе азаматтардың банктік шотына аудару арқылы төлеуді көздемейтін жаза қолдану рәсімі заңнамалық түрде реттелген.

«Егер сіз алаяқтардың айла-амалдарына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша полицияға хабарласуды, сондай-ақ қылмыс жасағаны туралы қолда бар дәлелдемелерді – телефон, скриншоттар, чектер және басқаларын ұсынуды сұраймыз», - деді ҚР ІІМ өкілі.


Соңғы жаңалықтар