Португалияда лай көшкіні тұрғын үйлер мен көшелерді басып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Португалияның орталық бөлігінде нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, су тасқыны болды. Мантейгаш қаласында лай ағыны тұрғын үйлерді, көшелер мен автокөліктерді басып қалып, екі адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды Euronews.

лай көшкіні
Фото: Pexels

Табиғи апат 19 қарашаға қараған түні болған. Тасжолдағы көшкін су ағысының бағытын өзгертіп, соның салдарынан су мен лай тұрғын үйлер орналасқан аумаққа қарай аққан. Кейбір автокөліктер толығымен су астында қалды.

Апат салдарын жоюға 120 құтқарушы мен 42 техника жұмылдырылды. Муниципалитетте төтенше жағдайға байланысты іс-қимыл жоспары енгізілді.

Қала әкімі Флавиу Массанудың айтуынша, ақпан айында тау баурайынан сырғыған лай нөсер жауыннан кейін қалаға жетіп, көшелер мен көпірлерді басып қалған.

Қолайсыз ауа райына байланысты бастауыш мектептер мен кейбір балабақшалар жабылды. Зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер жоқ. Баспанасыз қалған екі тұрғынға көмек көрсетілді.

Құтқарушылар жолдарды лайдан тазалап, көлік қозғалысын қалпына келтіріп жатыр. Жұмыстар бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Ыстанбұлда қауіптің «сары» деңгейі жарияланған болатын. Қалада мыңнан астам үйді су басып, 15 көшкін жүрді.