03:19, 03 Қазан 2016 | GMT +5
Португалияда жүкшi жоғалып кеткен соң ұшақ шұғыл қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиядан Анголоға бет алған Angola Airlines жолаушылар ұшағы жүкшінің жоғалып кеткендігі туралы ақпараттан кейін Лиссабонға шұғыл қонды, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.

Жүкші әуе кемесінің жүк сақталатын бөлігінен табылды, ол тірі, тек қатты тоңып қалған.
Ұшақ Порту қаласынан Ангола астанасы Луандуға сенбі таңертең бет алған. Жүкшінің жоғалғанын Портуда жүк тиелген соң байқаған. Ұшақ әуеде бір сағат болып қайта жерге қонды. Жүкшінің халі бірқалыпты, ол қазір ауруханада жатыр.