Португалиядағы дауыл 16 адамның өмірін қиды
АСТАНА. KAZINFORM – Қаңтардың соңынан бері Португалияда дауыл мен толассыз жауын салдарынын су тасқыны болды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
АЗЕРТАДЖ хабарлауынша соңғы мәліметтерге қарағанда кемінде 16 адам қаза тапқан. Елдің орталық бөлігінде жағдай ең күрделі болып тұр, әсіресе Коимбра қаласы маңында, мұнда шамамен 3 мың тұрғын эвакуацияланған.
Билік «ғасыр су тасқыны» мүмкіндігін ескертіп отыр, өйткені Мондегу өзені су деңгейі критикалық көрсеткіштерге жақындап келеді.
Табиғат апатының салдарынан A1 автомагистралі жартылай құлаған, 33 мыңнан астам адам электр жарығынсыз отыр. Келтірілген зардапты жою үшін 3 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылған, ал билік тағы 9 мың адамды эвакуациялау мүмкіндігіне дайындалып отыр.
Қаржылай шығын миллиондаған еуро болады деп бағалануда.
Апат саяси салдарға да әкелді. Ішкі істер министрі Мария Лусия Амарал отставкаға кетті, себебі жұмысын жалғастыру үшін қажетті жағдай болмағанын мәлімдеді. Үкімет күшейіп жатқан экстремалды ауа райына дайын еместігі үшін сынға ұшырады.
Дауыл Испанияға да әсер етті. Андалусияда әлі күнге дейін 3 мыңнан астам адам эвакуацияланған, шамамен 100 жол жабылған, ал Кадис провинциясыда нөсер жауын туралы жаңа ескертулер жарияланды.
Айта кетелік Португалия парламенті 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды.