10:38, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Пошта айналымында «Атырау гербі» маркасы пайда болды
АТЫРАУ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «Атырау гербі» пошта маркасының таныстырылымы өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл стандартты пошта маркасы ? «Қазақстан қалаларының гербі» сериясы бойынша шығарылып отыр. Беларуста басып шығарылған марканың тиражы ? 4 миллион дана. Номиналы -25 теңге. Бұл осы серия бойынша шығарылып отырған төртінші марка - бұған дейін Астана, Алматы және Тараз қалалары өз гербтерінің маркаларына ие болған еді.