Посткеңестік кеңістіктегі шешуші оқиғалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінен тығыз байланысты - Арам Сафарян

ӘБУ-ДАБИ-ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуразиялық одақ мемлекеттерінің экономикасының локомитиві бола алады. Бұл жерде Ұлт Көшбасшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне армян саясаттанушысы Арам Сафарян айтты.

«1 желтоқсан күні Қазақстан айтулы мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Заңмен бекітілген бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы - әлемдегі ең тәжірибелі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне берілді. Посткеңестік кеңістіктегі шешуші оқиғалар оның есімінен тығыз байланысты.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында армян тілінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарыққа шығады. Аталған еңбектен армян халқы Нұрсұлтан Әбішұлының Еуразиялық интегация мен осы кеңістіктегі елдердің ортақ болашағының мәселелері туралы біле алады.

Инженер-металлург өзінің еңбек жолын құрылысшы болып бастап, Қарағанды металлургиялық зауытта түрлі қызметтер атқарған.

Жастарға менің кітабымның тигізер пайдасы зор, мақсатқа жету жолындағы еңбек сені әлеуметтік сатылармен жоғары көтеретінін түсіну қажет. Енді екіжақты қатынас туралы бірер сөз айтайын. ҚР Президенті Нұрұслтан Назарбаев Армения президенттерімен әрқашан достық байланыс орнатып келеді. Бұл ынтымақтастық өзара құрмет пен сенім, шынайы пейілден туғаны туралы бірнеше рет айтылды да. Президент Серж Саргсян Астанаға екі рет барды, оның бірі - 2010 жылғы Астанада өткен ЫҚЫҰ саммитінде сөз сөйлеуі еді. Сонымен қатар, саясаттанушы Арам Сафарян Қазақстан Президентінің дағдарыс кезінде Үкіметке берген тапсырмаларын мұқият зерттеген. А.Сафарян Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат әлем бойынша экомикалық конъюктураның нашарлауы, мұнай бағасының құлдырауы секілді сыртқы экономикалық қауіптерге сауатты түрде қарсы тұруға мүмкіндік береді деп есептейді. Осы сәтке орай, А.Сафарян қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар