Power Central Asia + China: бірқатар коммерциялық келісімге қол қойылады
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы аясында қандай қандай коммерциялық құжаттарға қол қойылатынын айтты.

— Біз сутегі энергетикасын дамыту саласынан үлкен үміт күтеміз. Энергетика министрлігі сутегі саласын дамытудың Тұжырымдамасын қабылдады, оған келесі бағыттар кіреді: өндіру, тасымалдау және сақтау, электр энергиясына айналдыру, — деді ол.
Сондай-ақ министр экспортқа бағытталған және технологиялар тартуды көздейтін пилоттық жобалар әзірленіп жатқанын айтты. Одан бөлек форум аясында қандай коммерциялық құжаттарға қол қойылатынын атап өтті.
Олар мыналар:
— China Energy Overseas Investment компаниясы мен «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС арасында Түркістан облысындағы «Сауран» күн электр станциясы жобасы бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
— Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен China Southern Power Grid арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
— Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Power Construction Corporation of China, ltd. (Powerchina) арасында (стратегиялық) ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім.
— Сондай-ақ, біз «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында энергетика саласындағы өнеркәсіптік базаны қалыптастыру және экспорттық тізбектерді кеңейту бойынша Қытайдың негізгі серіктестерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деп түйді сөзін ведомство басшысы.
Айта кетелік Қазақстан мен Қытай 25 млрд долларға 60 келісімге қол қойды.