17:55, 24 Ақпан 2024 | GMT +5
Пойызда күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таңғалдырды
АСТАНА. KAZINFORM - №11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындап, жолаушыларды таңғалдырды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.
Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.